Абай облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 28 шілдедегі № 5/35-VIIІ шешімі
(2024.26.07. берілген өзгерістермен)
Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/134-VIII шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1-абзацының 1) тармақшасына, 65-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысында ортақ су пайдалану ережелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 28 шілдедегі
№ 5/35-VIII шешімнің
қосымшасы
Абай облысында ортақ су пайдалану
ережелері
1. Осы Абай облысында ортақ су пайдалану ережелері (әрі қарай - Ереже), Қазақстан Республикасы Су кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 38-бабының 1-абзацының 1) тармақшасына, 65-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Абай облысында ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.